Ақтоғай селолық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге атаулар беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 12 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қарашада N 4-3-133 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 18 қарашадағы N 30 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 18 қарашадағы N 30 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына және Махамбет ауданы әкімі аппаратының жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 6 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Өтешқали Атамбаев" атындағы елді мекеніндегі көшеге "Ғабдол Сланов" атауы берілсін.
      2. "Кеңөріс" елді мекеніндегі көшеге "Шоқан Уәлиханов" атауы берілсін.
      3. "Бала Ораз" атындағы елді мекеніндегі көшеге "Айша Бибі" атауы берілсін.
      4. Көшенің атаулары мен санын темір қаңылтырдан жасап салдыртуды ұйымдастыру селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Ж. Утеновке міндеттелсін.
      5. Осы шешімнің орындалысын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы Ж. Кулмановқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі              Г. Уразгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады