Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы N 12 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына және Махамбет ауданы әкімі аппараты жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Жалғансай селосындағы жаңа көшелерге Бейбарыс, Б. Момышұлы, М. Маметова, О. Төлешов есімдері берілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы К. Садиқовқа тапсырылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Р. Абдрешова