Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 шілдедегі N 103 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Мақат аудандық әкімиятының 2009 жылғы 10 қыркүйектегі N 146 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Мақат ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда N 4-7-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 шілдедегі № 103 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-102 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 29 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы төмендегідей сөздермен толықтырылсын:
      "6. ЦентрСтрой ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша).
      "7. Атырау облыстық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Мақат аудандық филиалы (келісім бойынша)".
      "8. "Рүстем" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша)".
      "9. "Сенім" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша)".
      "10. "Доссор жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" (келісім бойынша).
      "11. Шипагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)".
      Ескерту. қосымша толықтырылды - Мақат аудандық әкімиятының 2009.09.10 N 146; 2010.01.14 № 02; 2010.04715 № 51 қаулыларымен.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Сабировқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін ол күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімі                                  С. Рысқалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Цент Строй ЛТД" жауапкершілігі
      шектеулі серіктестігінің директоры
      08 қыркүйек 2009 жыл                         Э. Дурманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады