Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 шілдедегі № 103 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-102 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 29 санында жарияланған) аудан әкімиятының 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 146 "Аудан әкімиятының 2009 жылғы 02 шілдедегі № 103 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен толықтыру енгізілген, (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-104 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылғы 15 қазандағы № 42 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 02 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен толықтыру енгізілген, (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-112 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық-саяси газетінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 6 санында жарияланған) аталған қаулының қосымшасы төмендегідей сөздермен толықтырылсын:
"8. "Рүстем" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша)".
"9. "Сенім" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша)".
"10. "Доссор жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" (келісім бойынша).
"11. Шипагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)".
2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Сабировке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Рысқалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Рүстем" пәтер иелерінің кооперативінің төрағасы А. Төлепов
13 сәуір 2010 жыл
"Сенім" пәтер иелерінің кооперативінің төрайымы Қ. Оразова
13 сәуір 2010 жыл
"Доссор жылу" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры Б. Берниязов
13 сәуір 2010 жыл
"Шипагер" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры Б. Аманғалиев
14 сәуір 2010 жыл