Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 шілдедегі N 103 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімиятының 2010 жылғы 14 қаңтардағы N 2 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаменті Мақат ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қаңтарда N 4-7-112 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 шілдедегі № 103 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-102 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 29 санында жарияланған, аудан әкімиятының 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 146 "Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 шілдедегі № 103 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысымен толықтыру енгізілген, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-104 болып енгізілген, Мақат ауданының "Мақат тынысы" қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылғы 15 қазандағы № 42 санында жарияланған ) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы төмендегідей сөздермен толықтырылсын:
      "7. Атырау облыстық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Мақат аудандық филиалы (келісім бойынша)".
      "8. "Рүстем" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша)".
      "9. "Сенім" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша)".
      "10. "Доссор жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" (келісім бойынша).

      "11. Шипагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)".2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Сабировқа жүктелсін.
      Ескерту. қосымша толықтырылды - Мақат аудандық әкімиятының  2010.04715 № 51 қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
 

      Аудан әкімі                                 С. Рысқалиев 


КЕЛІСІЛДІ:

"Атырау облыстық мүгедектер қоғамы"
қоғамдық бірлестігінің Мақат аудандық
филиалының директоры
5 қаңтар 2010 жыл                                  Н. Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады