Күші жойылды - Мақат ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік Мекемесінің 2012.10.18 № 226 қаулысымен және Атырау Әділет Департаментінің 2012.10.24 № 3-6037/12 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарын басшылыққа алып, Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын қосымшаға сәйкес ұйымдарда (келісім бойынша) ұйымдастыру ұсынылсын.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Сабировқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Рысқалиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Беркін Жылыой" жауапкершілігі | |
шектеулі серіктестігінің директоры | |
29 маусым 2010 жыл | Р. Баракатов |
"Мақат Рүстем Сервис" жауапкершілігі | |
шектеулі серіктестігінің директоры | |
29 маусым 2010 жыл | Г. Нұғманова |
Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 шілдедегі N 103 қаулысына қосымша |
Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыратын ұйымдар тізімі
1. "Беркін Жылыой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
2. Мақат ауданы әкімиятының шаруашылық басқаруындағы "Мақат автокөлік базасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
3. "Мақат Сәуле" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4. "Мақат Рүстем Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
5. "Пундж Ллойд Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
6. ЦентрСтрой ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша).
7. Атырау облыстық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Мақат аудандық филиалы (келісім бойынша).
8. "Рүстем" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша).
9. "Сенім" пәтер иелерінің кооперативі" (келісім бойынша).
10. "Доссор жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" (келісім бойынша).
11. Шипагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша).
Ескерту. қосымша толықтырылды - Мақат аудандық әкімиятының 2009.09.10 N 146; 2010.01.14 № 02; 2010.04715 № 51 қаулыларымен.