Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 12-64-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондар құнының мөлшері 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1, 2-тармақтардағы және 1, 2-қосымшалардағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2011.06.30 N 47-320-IV Шешімімен.
2. Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құнының мөлшері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Б. Серіков
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Әбдәзімов
Мақтаарал аудандық мәслихатының
2009 жылғы 1 шілдедегі
N 22-166-ІV шешіміне 1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар
үшін біржолғы талондар құнының мөлшері
Рет саны |
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері |
Біржолғы талон құны (теңге) |
1 |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда): |
|
1) газеттер мен журналдар |
115 |
|
2) тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдары (екпелер, көшет) |
115 |
|
3) бақша дақылдары |
115 |
|
4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер |
115 |
|
5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдері |
115 |
|
6) жануарлар мен құстардың жемдері |
115 |
|
7) сыпыртқылар |
115 |
|
8) орман жидегі |
115 |
|
9) бал |
115 |
|
10) саңырауқұлақ |
115 |
|
11) балық |
115 |
|
2 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
450 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын қызметі |
115 |
Мақтаарал аудандық мәслихатының
2009 жылғы 1 шілдедегі
N 22-166-ІV шешіміне 2 қосымша
Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құнының мөлшері
Рет саны |
Сауда (тауар) түрі |
Шартты сауда алаңы (шаршы метр) |
Біржолғы талон құны (теңге) |
1 |
Базарларда тауарлар сату (базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда): |
||
1) сүт және қышқыл сүт өнімдері |
1,0 |
30 |
|
2) құрғақ жемістер |
3,0 |
150 |
|
3) көкөніс және жемістер |
3,0 |
115 |
|
4) ет және ет өнімдері |
2,0 |
150 |
|
5) нан, тоқаш және кондитер тағамдары, салаттар |
2,0 |
50 |
|
6) бал, балық |
1,5 |
115 |
|
7) ұн, құмшекер, күріш және басқа да астық өнімдері (қаппен сату) |
2,5 |
150 |
|
8) өнеркәсіптік тауарлармен араласқан азық-түлік тауарлары |
3,0 |
115 |
|
9) бақша өнімдері |
3,0 |
115 |
|
10) темекі (бөлшек сауда), насыбай |
2,0 |
115 |
|
11) алкогольсіз сусындар |
1,5 |
120 |
|
12) мата |
3,0 |
180 |
|
13) кеңсе тауарлары |
3,0 |
135 |
|
14) спорт бұйымдары, сағат, ойыншықтар |
3,0 |
135 |
|
15) электротехникалық, шаруашылық тауарлар |
4,0 |
180 |
|
16) киім-кешек |
6,0 |
225 |
|
17) телерадиоаппаратура |
6,0 |
225 |
|
18) аудио-видео касеталар |
2,0 |
180 |
|
19) алтыннан және басқа да бағалы металдардан, асыл тастардан жасалған бұйымдар |
2,0 |
225 |
|
20) жиһаздар, кілемдер |
6,0 |
225 |
|
21) қолданылған тауарлар |
2,0 |
70 |
|
22) жүк көліктер, тракторлар |
18,0 |
450 |
|
23) жеңіл көліктер |
12,0 |
450 |
|
24) мотороллер, мотоциклдер |
2,5 |
200 |
|
25) автоқосалқы бөлшектер |
5,0 |
180 |
|
26) құрылыс заттары (ағашты қоспағанда) |
3,0 |
180 |
|
27) құрылыс ағаш |
12,0 |
340 |
|
28) ірі қара мал |
3,0 |
200 |
|
29) ұсақ мал |
1,5 |
100 |
|
2 |
Базар аумағында жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар |
150 |
Ескертпе. Нақты сауда алаңы артық болған жағдайда біржолғы талон құны артық алаңға сәйкес көбейтіледі.