Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 шілдедегі "Біржолғы талондар құнының мөлшерін белгілеу туралы" № 22-166-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 маусымдағы N 47-320-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 шілдеде N 14-7-146 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 12-64-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 12-64-V Шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Біржолғы талондар құнының мөлшерін белгілеу туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 1 шілдедегі № 22-166-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-82-нөмірімен тіркелген, "Мақтаарал" газетінің 2009 жылғы 7 тамыздағы № 32 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1, 2 тармақтардағы және 1, 2 қосымшалардың атауларындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Х.Урманов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ж.Әбдәзімов   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады