Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011.02.22 N 34 Қаулысымен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету іс-шараларын кеңейту мақсатында, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай-Жұмыс беруші) жоғары білім беретін оқу орындарды, колледж және кәсіптік лицейлерді бітіріп жұмыспен қамтылмаған жастарға (әрі қарай-Бітіруші) Жастар тағылымдамасын ұйымдастыруды және өткізуді.
2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере отырып өткізіледі:
1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған Бітірушілердің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай-Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілінің болмауы.
3. Уәкілетті орган:
1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін Жастар тағылымдамасы бойынша әлеуметтік жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;
Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, Жастар тағылымдамасына қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында таңдау жұмыстарын жүргізеді;
2) жұмыссыз Бітірушіге Жастар тағылымдамасына қатысу үшін жолдама береді;
3) оқу орындарын бітірген жұмыссыз Бітірушілерге Жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықылас білдірген Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
Келісім-шартта жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
4. Жұмыс беруші:
1) Жастар тағылымдамасынан өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған Бітірушімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;
2) Жастар тағылымдамасы аясында әр бір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайының жасалуын қамтамасыз етеді;
3) Жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актін жүргізіп, әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға өткізеді;
4) Жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні тағылымдаманың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;
5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушінің тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді;
6) еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жұмыссызға Жастар тағылымдамасына қатысуы туралы пікір (ұсыныс хат) береді.
5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзуға құқығы бар.
6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын" қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010.05.31 N 310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Жастар тағылымдамасына қатысушылардың еңбек ақысы Бітірушінің есеп-шотына аудару арқылы жүргізіледі.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Тоқбергеноваға жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Құртаев