Отырар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 мамырдағы № 128 "Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне "Жастар тағылымдамасын" ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 мамырдағы N 310 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда N 14-9-114 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 ақпандағы N 34 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011.02.22 N 34 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 31 наурыздағы № 259 "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне "Жастар тағылымдамасын» ұйымдастыру туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 мамырдағы № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-9-88 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы "Отырар алқабы" газетінің 46-47 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 7-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын" қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органмен төленеді."
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады