Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2010.07.08 № 721 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, 2010 жылдың қаңтар-наурызда аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.
2. Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында мына төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:
Ошақбаев Бақытжан |
-аудандық Қорғаныс істері жөніндегі |
Темірбеков Аян |
-аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, |
Бөлегенов Нұрлан |
-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының |
Орынбеков Жұмахан |
-аудандық орталық аурухананың дәрігері, |
Түкібай Сабира |
-аудандық орталық аурухананың медбикесі, |
3. Ауыл әкімдері және ұйымдардың басшылары 2009 жылдың 2 қарашаға дейін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге жататын жастардың тізімін тапсыру ұсынылсын.
4. Аудандық емхананың бас дәрігері (Ш.Құрманбекова–келісім бойынша):
1) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке дайындық деңгейін анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын;
2) комиссия жұмыстары біткенге дейін комиссиядағы дәрігерлер мен медбикелерді тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында, негізгі жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босату ұсынылсын.
5. Аудандық білім бөлімі (Ж.Көлбай):
1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мектептердегі жастарды тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын;
2) көрсетілген мерзімге тіркеуден өтетін жастардың тізімін, құжаттарын әскери комисариятқа жіберілуін мектеп директорларына тапсырсын.
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қ.Жандарбеков-келісім бойынша):
1) тергеу жұмыстарына және қылмыстық істерге тартылған 17 жасқа толатын азаматтардың тізімін аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын;
2) әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Б.Ошақбаев-келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау және жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
2) азаматтарды дер кезінде тексерілуін және емделуін қамтамасыз ету мақсатында қажетті дәрі-дәрмекке және дәрігерлік құрал-жабдықтарға қаралған қаржыны қамтамасыз ету ұсынылсын;
3) тіркеу қортындылары туралы мәліметті аудан әкіміне 2010 жылдың 9 сәуіріне дейін тапсыру ұсынылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Сыздықов
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы Б. Ошақбаев
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ. Жандарбеков
Аудандық емхананың бас дәрігері Ш. Құрманбекова
«16» 10 2009 жыл