Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 13-86/V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабының 6-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сайрам ауданының базарларында және арнаулы салық режимінің қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын бір жолғы талон құнын белгілеу туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 14-169/ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-10-112 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 13 наурыздағы «Мәртөбе» газетінің № 8 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшадағы:
12 жолдардағы «100» сандары «150» сандарымен ауыстырылсын;
13 жолдардағы «50» сандары «75» сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Абдуллаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Төлендиев