Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.12.21 № 451 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Созақ аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы" Созақ аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-59 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 21 маусымда "Теріскей" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
11-тармағы алынып тасталсын;
14-тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қызметкердің еңбек ақысы Республикалық және жергілікті бюджеттен төленеді.";
21-тармағындағы "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Мейірбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: С. Әбдіқұлов