Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 18-142-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 мамырда N 14-15-74 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11-76-V Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 11-76-V Шешімімен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2011.10.04 N 47-353-IV Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Шардара ауданының базарларында тауар сатушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. Шешімнің 1, 2 тармақтарындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар", «талонның төлемақы ставкалары» деген сөздер «талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2011.10.04 N 47-353-IV Шешімімен
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Қалмұрат

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Бердібеков

Шардара аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 18-142-ІV
шешіміне N 1 қосымша

      Шардара ауданының базарларында тауар сатушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

      Ескерту.1-қосымшаның тақырыбындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар", «талонның төлемақы ставкалары» деген сөздер «талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2011.10.04 N 47-353-IV Шешімімен.

N

Қызметтің түрі

Өлшем бірлігі

Біржолғы талонның мөлшері /теңге/

1

Азық-түлік тауарларын сату

1 орынға

100

2

Өнеркәсіпті тауарлар сату

1 орынға

100

3

Бау-бақша өнімдерін сату

1 орынға

50

4

Машина үстінен сатылатын барлық тауарлар түрлеріне

1 күнге

250

5

Халықтың тұтыну тауарларын сату

1 орынға

80

6

Ет және ет өнімдерін сату

1 орынға

150

7

Балық және балық өнімдерін сату

1 орынға

100

8

Автоқосалқы бөлшектерін сату

1 орынға

200

9

Жылқы, қара мал сату

1 бас

80

10

Қой, ешкі сату

1 бас

60

11

Үндік, тауық сату

1 бас

30

12

Сүт және қышқыл өнімдерін сату

1 орынға

50

13

Нан және кондитер тағамдары, салаттар сату

1 орынға

50

14

Ұн, құмшекер, күріш және басқа да астық өнімдерін

1 орынға

150

15

Темекі (бөлшек сауда), насыбай сату

1 орынға

50

16

Жиһаздар, кілемдер сату

1 орынға

150

17

Ауылшаруашылық өнімдерін (картошка, пияз, сәбіз, капуста т.б.) сату

1 орынға

100

18

Кептірілген жемістер сату

1 орынға

80

19

Аудио-бейне таспаларын сату

1 орынға

150

20

Дүңгіршексіз жерлерде ас-тағамдарын дайындап сату

1 орынға

80

21

Құрылыс заттарын сату

1 орынға

150

Шардара аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 сәуірдегі N 18-142-ІV
шешіміне N 2 қосымша

      Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талондардың құны 

      Ескерту.2-қосымшаның тақырыбындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар", «талонның төлемақы ставкалары» деген сөздер «талондардың құны» деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2011.10.04 N 47-353-IV Шешімімен.

N

Қызметтің түрі

Өлшем бірлігі

Біржолғы талонның мөлшері
(теңге)

1.

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):



1)

Газеттер мен журналдар

1 күнге

50

2)

Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

1 күнге

100

3)

Бақша дақылдарын

1 күнге

200

4)

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді

1 күнге

150

5)

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін

1 күнге

100

6)

Жануарлар мен құстардың жемдерін

1 күнге

100

7)

Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сату

1 күнге

100

2.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін

1 күнге

200

3.

Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар:



1)

Құстарды бағу

1 күнге

30

2)

Жылқы, қара мал бағу

1 күнге

50

3)

Қой, ешкі бағу

1 күнге

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады