Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 100 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 17 шілдеде N 2507 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,"Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының бастығы К. Көбегенов
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 16 маусымдағы № 100
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі


р/
с
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекара-
сының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа
ені (метр)
Шекара-
сының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы,
(га)
Орташа
ені
(метр)
1.
Шығыс Қазақстан
облысы Ұлан
ауданының
"Гладковский
залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі
тұсындағы
Бұқтырма су
қоймасының сол жағалауындағы
Гладковский
бұғазы
3,0
140,1
300-
1000
2,8
14,0
20-55

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының "Гладковский залив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесі тұсындағы Бұқтырма су қоймасының сол жағалауындағы Гладковский бұғазының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
      Шығыс Қазақстан облысы табиғи
      ресурстар және табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасының бастығы В. Чернецкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады