Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының 27.02.2015 жылғы № 35/5-V шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының "Жер салығының ставкалары туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы № 23/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1326 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 20 шілдедегі № 113 "Рудный Алтай", 2003 жылғы 29 шілдедегі № 73 "Дидар" газеттерінде жарияланған) "Жер салығының ставкалары туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы № 23/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы № 18/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-17 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 1 қаңтардағы № 1 "Дидар", 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), "Жер салығының ставкалары туралы" 2003 жылғы 20 маусымдағы № 23/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 8/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-87 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 29 шілдедегі № 101 "Дидар" және № 113 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістерімен келесі өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспедегі "338" саны "387" деген санмен ауыстырылсын;
2) 4 тармақтағы "332" саны "381" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Р. Мамырбаева |
Қалалық мәслихаттың |
Е. Нәбиев |