Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.04.19 N 6747 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 1 бабының 13-1) тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан тұлғаларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 21 мамырдағы № 1358 «Жол картасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 12 маусымда № 5-1-114 тіркелген, 2009 жылғы 17 маусымдағы «Дидар» газетінің № 92, 2009 жылғы 16 маусымдағы «Рудный Алтай» газетінің № 91 сандарында жарияланған) қаулыға келесі өзгерістер енгізілсін:
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың еңбектерін төлеуге жұмсалған шығындары республикалық бюджеттен 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде ішінара орны толтырылады».
6 тармақтағы «С.Ж. Жүніспекова» сөзі «А.Қ. Нұрғазиевқа» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 29 маусымынан туындаған қарым-қатынастарға таралады.
Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев