Жол картасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 1358 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда № 5-1-114 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 6747 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.04.19 N 6747 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына, 7 бабының 5-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша 2009 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-әрекет Жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жол картасын жүзеге асыру аясында халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын (бұдан әрі – әлеуметтік жұмыс орындары), алты айға дейінгі мерзімге меншік түрінен тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орынын құру «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Бөлім) шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың көлемдері, түрлері, еңбекақы төлемінің мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі болуы қажет.
      3. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың еңбектерін төлеуге жұмсалған шығындары республикалық бюджеттен 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде ішінара орны толтырылады.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.08.03 № 2954 қаулысымен.
      4. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан азамат пен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      5. Әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың келіп түсуі бойынша кезектілік тәртібінде жүргізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары  А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы әкімдігінің 2009.08.03 № 2954 қаулысымен.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 маусымында туынданған қарым-қатынастарға таралады.

      Өскемен қаласының әкімі            И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады