Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.11.2018 № 26/198-VI шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбындағы, мәтініндегі және қосымшасындағы "ставкаларына" сөзі "мөлшерлемелеріне" сөзіне ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.05.2018 № 20/154-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 510 - бабы 1 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабы 1 – тармағы 13), 15) тармақшаларына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.05.2018 № 20/154-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).1. Курчатов қаласының жер-бағалау аудандары бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2007 жылғы 20 шілдедегі № 35/217–III "Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту жөнінде" шешімнің күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 5-3-46 нөмірімен 2007 жылғы 20 тамызда тіркелген, 2007 жылғы 29 тамыздағы № 106 "Дидар", 2007 жылғы 29 тамыздағы № 130-131 "Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жарияланған.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. ПРОНИНА |
Курчатов қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Ш. ТӨЛЕУТАЕВ |
Курчатов қалалық мәслихаты 16 сессиясының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/120-IV шешіміне қосымша |
Курчатов қаласының жер-бағалау аудандары
бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелеріне
түзету коэффициенттері
№ р/с | Жер-бағалау аудандары | Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері |
1 | І | 1.5 |
2 | ІІ | 1.5 |
3 | ІІІ | 1.5 |
4 | ІV | 1.5 |
5 | V | 1.4 |
6 | VI | 1.4 |
7 | VII | 1.4 |
8 | VIII | 1.4 |
9 | IX | 1.3 |
10 | X | 1.3 |
11 | XI | 1.3 |
Курчатов қаласы бойынша
салық басқармасының төрағасы М. БІТІМБАЕВ