Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.11.2018 № 26/198-VI шешімімен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50 - бабы 2 - тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының "Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-68 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 17 наурызда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/120-IV шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің тақырыбындағы, мәтініндегі және қосымшасындағы қазақ тіліндегі "ставкаларына" сөзі "мөлшерлемелеріне" сөзіне ауыстырылсын, осы жөнінде орыс тіліндегі шешім өзгермейді;
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 510 - бабы 1 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабы 1 – тармағы 13), 15) тармақшаларына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Э. Батырбеков |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |