Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 26/198-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 5-3-133 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 15/91-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 21.02.2024 № 15/91-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 510 - бабы 1 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 1- тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес түзету коэффициенттерін қолдана отырып, Курчатов қаласының жер - бағалау аудандары бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелері арттырылсын.

      2. Курчатов қалалық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/120-IV "Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-68 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 17 наурызда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/154-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/120-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-122 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 23 мамырда "Мой край" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Жақсыбаев
      Курчатов қалалық мәслихатының
      Хатшысы Г. Қарымбаева

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ 26/198-VI
шешіміне қосымша

Курчатов қаласының жер - бағалау аудандары бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

№ р/с

Жер - бағалау аудандары

Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

1

I

1.5

2

II

1.5

3

III

1.5

4

IV

1.5

5

V

1.4

6

VI

1.4

7

VII

1.4

8

VIII

1.4

9

IX

1.3.

10

X

1.3.

11

XI

1.3.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады