Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012.12.21 N 10/73-V шешімімен.
«Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іс-әрекетке енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV Қазақстан Республикасы Заңының 36 бабы 1 тармағы 1), 2) тармақшалары, 6 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына cәйкес, қолданыстағы заңнамаларға сай бір реттілікке келтіру мақсатында Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға Курчатов қаласы базарларында тауарларды жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Курчатов қаласы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Курчатов қалалық мәслихатының «Үзілісті сипаттағы қызметпен айналысатын адамдар үшін бір реттік талон ставкаларын бекіту жөнінде» 2006 жылғы 13 ақпандағы № 23/135-ІІІ шешімінің (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-17 нөмірімен 2006 жылғы 1 наурызда тіркелген; 2006 жылғы 7 науырыздағы № 23 облыстық «Дидар», 2006 жылғы 28 науырыздағы № 45-46 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы Ш. ТӨЛЕУТАЕВ
Курчатов қалалық мәслихаты
18 сессиясының
2009 жылғы 23 сәуірдегі
№ 18/136-IV шешіміне
1 қосымша
Курчатов қаласының базарлары аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғаларға біржолғы талондардың құны
№ |
Қызмет түрлері |
Бір күнге біржолғы талондардың құны (теңгеде) |
1 |
Ашық сауда орнынан сату /ойыншықтарды, ыдыстарды, парфюмерияларды, кеңсе тауарларын тағы сол сияқты/ |
60 |
2 |
Гүлдер (басқа жақтан әкелінген) |
214 |
3 |
Жеміс-жидектер (басқа жақтан әкелінген) |
214 |
4 |
Қосалқы бөлшектер сату |
70 |
5 |
Кілегей, ірімшік, сүт |
35 |
6 |
Гриль тауықтары |
214 |
7 |
Бал |
35 |
8 |
Нан, кондитер өнімдері |
200 |
9 |
Балмұздақ, сусындар |
60 |
10 |
Құрылыс заттары, әк |
70 |
11 |
Жидектер, саңырауқұлақтар, көкөністер |
25 |
12 |
Махорка, шемешке тұқымдары |
25 |
13 |
1 орынға ет, балық, тауық еттері |
214 |
14 |
Жабық сауда орындарынан сату /киім-кешек саудасы/ |
118 |
15 |
Жеңіл автокөліктерден сату |
118 |
16 |
Жүк автокөліктерінен сату: |
|
Курчатов қалалық мәслихаты
18 сессиясының
2009 жылғы 23 сәуірдегі
№ 18/136-IV шешіміне
2 қосымша
Курчатов қаласы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны
№ |
Қызмет түрлері |
Бір күнге бір жолғы талондардың құны (теңгеде) |
1 |
Газеттер мен журналдар |
60 |
2 |
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдар (екпелер, көшеттер) |
35 |
3 |
Бақша дақылдары |
214 |
4 |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер |
25 |
5 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері |
25 |
6 |
Жануарлар мен құстардың жемдері |
214 |
7 |
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі, бал, саңырауқұлақ және балықтар |
35 |
8 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі |
380 |
9 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
200 |
Курчатов қаласы бойынша
салық басқармасының бастығы М. Бітімбаев