Мемлекет басшысының "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау шеңберінде ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 51 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 шілдеде N 5-5-96 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.06.16 N 223 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 7 бабы 5-4) тармақшасы18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін ауданда әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс беруші, келісімдері бойынша) ұйымдастырылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарттары және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері болады.
      5. «Жол картасы» щеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған бір жұмысшыға айына бюджеттен бөлінетін қаражат осы мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болуы тиіс.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімдігінің 2010.03.04 N 185 (жарияланған соң он күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтан жұмысқа орналастырылған жұмыссыз арасында жасалған еңбек шартымен айқындалады.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тиісті кезектілікпен, ресми ұсыныстар түсуіне байланысты айқындалады.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
      
      
      Аудан әкімі:                             Е. СҮЛЕЙМЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады