Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2010.12.28 N 27/4-IV шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 36 бабының 2 тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Бесқарағай ауданының елді мекендерінде жануарлар ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелері туралы» 2008 жылғы 30 маусымдағы № 8/3-ІV (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-7-57 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 19 шілдедегі "Бесқарағай тынысы" газетінің № 27 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
- шешімде «күшіне енеді» сөздері «қолданысқа енгізіледі» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Б. ОМАРОВ
Бесқарағай аудандық
мәслихатының хатшысы: Ж. МАРАЛОВ