Бесқарағай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 27/4-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 ақпанда N 5-7-89 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы N 4/1-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2012.06.06 N 4/1-V шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Бесқарағай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.
      2. «Бесқарағай ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелері туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2008 жылғы 30 маусымдағы № 8/3-IV (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-7-57 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 19 шілдеде «Бесқарағай тынысы газетінің № 27 санында жарияланған), «Бесқарағай ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелері туралы» 2008 жылғы 30 маусымдағы № 8/3-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 16/11-IV (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-7-69 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 2 қыркүйектегі «Бесқарағай тынысы газетінің № 33 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күн күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы:                                    Б. ОМАРОВ
      
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы:                               Ж. МАРАЛОВ

      Бесқарағай аудандық мәслихатының
      2010 жылғы 28 желтоқсандағы
      № 27/4-IV шешімімен бекітілген

      Бесқарағай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі
      1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бесқарағай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереженің күші Бесқарағай ауданындағы жеке және басқадай меншігіндегі иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.

      2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету

      3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ереженi сақтаған жағдайда рұқсат етiледi: бiр жанұя тұратын тұрғын үй-жайда, бiрнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзi тұратын тұрғын үй көлемiнде, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, бағбандық және саяжайлық бiрлестiктердiң аумағында, демалыс базаларында иттердi байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгi уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшiн қауiп төндiру мүмкiндiктерiн болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет.
      Аумаққа кiреберiсте тиiстi жазу жазылған ескерту кестесiн қамтамасыз ету қажет.
      4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелерi сатып алған сәттен бастап тiркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тiркеу кезiнде иелерiне тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган – өз өкiлетi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аудандық аумақтық инспекциясы ветеринарлық төлқұжат бередi.
      5. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәлiздерде, баспалдақтар бөлiктерiнде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда жеке тұрғын үй қоры үйлерiнiң жанындағы аумақтардан басқа, қонақ үйлерде ұстауға рұқсат етiлмейдi.
      6. Иттер мен мысықтарды олардың терiсiн және етiн пайдалану мақсатында өсiруге және аулауға рұқсат етiлмейдi.
      7. Иттердi таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге рұқсат етiлмейдi.
      8. Тұрғындарға жануарларды аулаумен айналасатын ұйымдарға өзiнiң аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.
      9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарла, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесiз жүрген иттер, иесi байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледi және қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын тиiстi ұйымдардың аулауына жатады.
      10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергiлiктi атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетiн шарт жасасқан тиiстi ұйым жүзеге асырады.
      11. Серуендетуге рұқсат берiледi:
      1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергi тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигiзiлген (сәндiк тұқымды иттерден басқалары) және қысқа қарғыбаудағы иттердi;
      2) қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшiн қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттердi.
      12. Иттердi серуендетуге тыйым салынады:
      1) балалар ауласында және спорттық алаңқайларда, мектепке дейiнгi балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және басқа аудан тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
      2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық iс-шаралар өтетiн жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтiк иттердi және көзi нашар көретiн адамдар үшiн жетектеушi иттердi қоспағанда.

      3 тарау. Қорытынды ережелер

      13. Бесқарағай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесiнiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      14. Осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады