Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-11-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 ақпанда N 5-8-76 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 6-4-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).
      
      
      Ескерту. Мәтін бойынша "тәртібі" сөзі алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Заңының 44 бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі нұсқаулық (қосымша берілген) бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      
      
      Сессия төрағасы                                  Қ. Галиев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                        Б. Аргумбаев

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-11-IV шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелері

      1. Осы нұсқама Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар мен облыс алдында арнаулы зейнетақы алушы дәрежесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызмет шығындарына өтемақы төлеуге материалдық көмек ұсыну тәртібін анықтайды.
      2. Осы нұсқаманы қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңының 44-бабы болып табылады.

2. Материалдық көмек төлеу жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастыру

      3. Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар мен облыс алдында арнаулы зейнетақы алушы дәрежесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызмет шығындарына өтемақы төлеуге материалдық көмек төлеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ болып табылады.
      Материалдық көмекті төлеуге бөлінген қаражатты қаржыландыру және пайдалану облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер қаражаты есебінен 007 «Жергілікті басқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азамматарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

3. Материалдық көмек алу құқығы

      4. Коммуналдық қызмет шығындарына өтемақы төлеуге материалдық көмек алу құқығына:
      1) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар;
      2) облыс алдында арнаулы зейнетақы алушы дәрежесі бар зейнеткерлер ие.
      Бірнеше негіздер бойынша бір мезетте материалдық көмек алуға құқығы бар тұлғаларға олардың қалауы бойынша бір негіз бойынша ғана материалдық көмек төленеді.

4. Материалдық көмекті тағайындау

      5. Осы нұсқаманың 4-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында көрсетілген азаматтарға ай сайын 2000 (Екі мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек ұсынылады.
      6. Материалдық көмек алу құқығына ие адамдар материалдық көмек алу үшін өтінішпен бірге келесі құжаттарды «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не тапсырады:
      - жеке куәлік (көшірмесі);
      - арнаулы зейнетақы куәлігі немесе Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Министрлері Кабинетінің жанындағы Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы бекіту жөніндегі Комиссия шешімінің көшірмесі;
      - облыс алдындағы арнауалы зейнетақы алушы дәрежесін растайтын құжат;
      - азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі);
      - екінші деңгейдегі банктен жеке шот нөмірі.
      Құжаттар түпнұсқаларымен және көшірмелерімен тапсырылады. Құжаттардың көшірмесі мен түпнұсқасының сәйкестігі «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің маманымен расталады.
      7. Азаматтарға материалдық көмек ұсыну өтініш берілгеннен кейін ғана қаралады және сәйкес құжаттар мен өтініш тапсырылған айдан бастап ұсынылады.
      8. Материалдық көмекті төлеу мен тағайындауды жалғастыру немесе тоқтату сияқты жағдайлар туындаған кезде (көмек алушы қайтыс болса, басқа тұрғылықты жерге көшсе және т.б.) материалдық көмекті төлеу мен тағайындау тоқтатылады немесе сәйкес жағдай туындаған айдан бастап келесі айда жалғастырылады.
      9. Бородулиха аудандық Мемлекеттік Зейнетақы төлеу орталығы мен аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын осы нұсқаманың 4 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген материалдық көмек алушылар санаты базасын салыстырып тексеруді жүргізеді.

5. Материалдық көмекті төлеу.

     10. Материалдық көмекті төлеу Бородулиха ауданындағы екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелеріндегі көмек алушының жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Материалдық көмекті төлеу жағдайлары мен ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен сәйкес екінші деңгейдегі банк арасында жасалған агенттік келісіммен анықталады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 17-9-IV шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады