Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 323 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 шілдеде N 5-8-90 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 652 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010.04.16 N 652 қаулысымен (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы, 1-тармағының, 13)14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының, 4-5-тармақтарына18-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген, мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) құрылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге құрылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысандарына тәуелсіз кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) құрылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның жергілікті атқарушы органдарымен жасасқан келісімшарт негізінде, жұмыс берушілермен жүзеге асырылады. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетілуі тиіс.
      5. Жұмыс берушінің Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шыққан шығыны, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақының елу пайызы мөлшерінде, сәйкес жергілікті бюджет қаражаттан ішінара қайтарылады.
      6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы азаматтардың орташа еңбекақысы 30000 теңгені құрайды, оның ішінде 15000 теңге Республикалық бюджет қаражаты есебінен, 15000 теңге жұмыс берушінің қаражаты есебінен.
      7. Еңбек жағдайлары, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы азамат пен жұмыс берушінің араларында жасалынған еңбек шартымен анықталады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу, ресми ұсыныстардың түсуі бойынша кезекті тәртіппен жүргізіледі.
      9. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 1168 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар мен оларды қаржыландыру ережелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 15 ақпандағы № 2182 санымен тіркелген), 2006 жылғы 9 ақпандағы № 1604 «Бородулиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 1168 «Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар мен оларды қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 27 ақпандағы № 5-8-18 санымен тіркелген, «Пульс района» аудан газетінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 14 (6115) сандарында жаряланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. А. Нұрғожинға жүктелсін.
      11. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                             Т. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады