Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 652 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 5-8-111 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы N 285 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2012.02.20 N 285 қаулысымен (ресми жарияланғанынан  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 45791218-1 баптарына, «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарды және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге құрылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары жеке меншік нысандарының түрлеріне қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – жұмыс беруші) ұйымдастырылады.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру «Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – бөлім) жасалған келісімшарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Келісім шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақысын төлеуге шыққан шығындар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақының елу пайызы мөлшерінде бөліммен жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара жұмыс берушінің есеп шотына аударылады.
      6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі айына міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса жиырма мың тенге мөлшерінде Республикалық бюджет қаражаты есебінен бөліммен қатысушылардың жеке есеп шоттарына жүргізіледі.
      7. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және халықтың нысаналы тобындағы жұмыспен қамтылмағандардың еңбекақы төлемі жұмыс берушімен ай сайын оның меншік қаражатынан атқарылатын жұмыстың мөлшеріне, сапасына және күрделілігіне байланысты және жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан нысаналы топтардағы тұлға мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу, ресми ұсыныстардың түсуі бойынша кезекті тәртіппен жүргізіледі.
      10. Осы қаулынының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      11. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы № 323 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2009 жылғы 01 шілдедегі № 5-8-90 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 33 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      12. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                        Т. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады