2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-12-IV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі N 18-15-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 тамызда N 5-8-92 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 6-4-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).

 
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2009 жылдың 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған), 2009 жылғы 21 сәуіріндегі № 17-9-IV «Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерге өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 28 сәуіріндегі № 5-8-87 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 22-23 (6284-6285) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Шешімнің кіріспесіндегі және нұсқаулықтағы «Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы» деген сөзі алынып тасталсын.
      Нұсқаулықтың 6-тармағы 1-тармақшамен толықтырылсын:
      «Бородулиха ауданының МБ» МКҚК тізіміне сәйкес, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, түберкүлезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек көрсету;
      Нұсқаулықтың 7-тармағы келесі мазмұнда толықтырылсын:
      1) Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден кемінде белгіленген мөлшерде балл жинаған, жалпы білім беретін мектептердің аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан түлектерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуі мүмкін;
      2) Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде көп балл жинаған түлектер арасында іріктеу жүргізіледі;
      Түлектердің баллдары тең болған жағдайда, жан басына шаққандағы орташа табысы төмен отбасыларынан шыққан түлектердің құқықтары басым;
      3) Ағымдағы жылға сәйкес барлық деңгейдегі оқу орындарын бітіргеннен кейін ауылдарда және селоларда жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсетілуі мүмкін;
      4) Әлеуметтк көмек алуға қажетті құжаттар тізбесі:
      - өтініш;
      - жеке куәлік көшірмесі;
      - салық төлеушілерді тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      - сәйкес селолық округтің учаскелік комиссиясымен толтырылатын және селолық округ әкімімен бекітілетін, жалпы білім беретін мектептердің аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан түлектерінің, жетім балалардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі. Әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда, әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, жоғары оқу орынында оқу кезеңінде диплом алғанға дейін бір рет толтырылады;
      - отбасы мүшелерінің табысы туралы (отбасының жұмысқа жарамды (жұмыс істейтін) мүшелерінің еңбекақысы туралы анықтама, отбасының жұмыс істемейтін мүшелерінің еңбек кітапшаларының көшірмесі, (зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға) зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшері көрсетілген зейнетақы куәлігінің көшірмесі) мәліметтер;
      - қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау туралы шешім;
      - ҰБТ сертификаты;
      - білім туралы атестаттың көшірмесі;
      - оқу орнын аяқтау туралы дипломының көшірмесі (жас мамандар үшін);
      - күндізгі нысан бойынша оқу орынын аяқтағанын растайтын анықтама (жас мамандар үшін);
      - жас мамандар үшін сәйкес селолық округтің учаскелік комиссиясымен толтырылған және селолық округ әкімімен бекітілетін отбасының әлеуметтік картасы;
      5) Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келесі табыс түрлерінен басқа барлық табыс түрлері есептеледі:
      - мемлекеттік атаулы әлуметтік көмек;
      - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
      - тұрғын-үй көмегі;
      - бала тууына байланысты төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы;
      - асырап алушылардың табыстары асырап алушылардың табыстарына қосылмайды;
      Жиынтық табысты есептеу өтініш берушінің алған табыстары туралы мәліметі негізінде жүргізіледі.
      Қосалқы шаруашылықтан, үй маңындағы учаскеден, бақшадан түсетін табыс, бір тоқсанында бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде есептеледі.
      Құжат бойынша расталған табыстар түріне еңбек қызметінің табыстары, зейнетақы, жәрдемақы және алимент жатады.
      Отбасының жан басына шаққандағы айлық орташа табысы, өткен тоқсандағы отбасының жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      Нұсқаулықтың 14–тармағының 1)-тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      1) өтініш бойынша материалдық көмек:
      - жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларына) – Он мың теңге;
      - жұмыстылық және әлеуметтік бөлімінде тіркелген, кәсіптік оқуға немесе қайта даярлауға жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыссыздарға – Он мың теңге;
      - оқыс жағдайлар кезінде – Он бес мың теңге;
      - аурулардың ауыр түрлерімен ауыратындарға – Он бес мың теңге;
      - өрт болған жағдайда - өрт туралы актіде көрсетілген шығын сомасының 10 пайызы, бірақ 40 есептік көрсеткіштен артық емес;
      - комиссия шешімі бойынша әрбір нақты жағдайға байланысты – зіл-залалық аппаттарда, операциялық емдеулерге әлеуметтік көмек;
      - өтініші негізінде – қиын материалдық жағдайға тап болған отбасына - селолық округтердің әкімдіктерінің негізінде - Жиырма мың теңге;
      - халықтың әлеуметтік табысы аз отбасыларынан шыққан түберкүлезбен ауыратын азаматтарға қосымша тағамға – Жиырма мың теңге.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы,
      Аудандық мәслихат хатшысының м.а.             В. Лопатин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады