"2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке Глубокое ауданы азаматтарын шақыру туралы" 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 93 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 04 қарашадағы N 348 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қарашада N 5-9-116 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 594 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.04.20 N 594 (қолданысқа енгізілу тәртібін 12-тармақтан қараңыз)қаулысымен.

       «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III Заңының 19, 23 баптарына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери кызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру және 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке Глубокое ауданы азаматтарын шақыру туралы» Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 93 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 28 сәуірде № 5-9-102 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 15 мамырындағы № 20 санында жарияланған, «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке Глубокое ауданы азаматтарын шақыру туралы» 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 93 қаулыға өзгеріс енгізу туралы" Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 9 қазандағы № 312 қаулысына енгізілген өзгерістерімен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 27 қазанында № 5-9-113 тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 44 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілді:
      2 тармақтың 1 қайырымы  төмендегідей мазмұнда жазылсын:
      Жапаров Берик Ондабаевич – комиссия төрағасы, «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ бастығының уақытша міндетін атқарушы (келісім бойынша)
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі.


      Глубокое ауданының әкімі            В. Кошелев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады