Глубокое ауданының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 594 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 04 мамырда № 5-9-129 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Глубокое аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы N 1044 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Глубокое аудандық әкімдігінің 2011.03.24 N 1044 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 1923 баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың наурыз айының 29 жұлдызындағы № 960 Жарлығын іске асыру мақсатында, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың наурыз айының 29 жұлдызындағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 15 сәуірдегі № 313 қаулысы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 37 бабы, 31 баптың 1-тармақ 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Кенттер және ауылдық округтердің әкімдері шақыру пунктіне азаматтардың «Глубокое ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ (Б.О. Жапаров) бастығының бұйрығында көрсетілген мерзімде немесе дербес шақыру қағазында көрсетілген учаскелік инспектордың жетекшілік етуімен ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Глубокое ауданының «Медициналық бірлестігі» КМҚК директорына (М.С. Ластаев) ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) медициналық әскерге шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жасақталсын;
      2) медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың сапалы тексерілуін, әскерге шақырылушылардың кезектен тыс өтуін, емделуін, тексерілуін бақылауға алсын;
      3) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру күні бақылау тексеру өткізуге кезекші дәрігер тағайындалсын.
      4. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы (К.Т. Синиязов) (келісім бойынша) қамтамасыз етсін:
      1) әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіруін және шақыру пунктіне жеткізілуі;
      2) азаматтарды әскерге шақыру мен әскерге аттандыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіп сақтау.
      5. Әскерге шақырылатын 1983-1992 жылы туған азаматтарды 2010 жылдың көктем-күзгі медициналық комиссияға келу кестесі бекітілсін.
      6. «Глубокое аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бастығына (Ф.И. Сатаева) әскерге шақырылатын жастармен әскерге шақырылу барысында тәрбиелік шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне белсенді қатысып, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырсын.
      7. «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығына (Б.Н. Кенчимбаев) және «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығына (А.И. Павлов) әскерге шақырылушыларды жөнелту барысында көркем өнерпаздар ұжымының өнер көрсетілуін ұйымдастырсын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жіберілетін әскерге шақырылушылардың дене жаттығуы дайындықтарын тексерсін.
      8. «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» ММ бастығына (Қ.С Карибаев) 2010 жылдың аудандық бюджетінде белгіленген мөлшерде қаржыландыруды уақытында өткізсін.
      9. «Глубокое ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 6 сәуірінің № 93 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-102 2009 жылдың 28 сәуірінде тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 15 мамырда № 20 санында жарияланған), 2009 жылғы 6 сәуірінің № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Глубокое аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 9 қазандағы № 312, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-113 2009 жылдың 27 қазанда тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 44 санында жарияланған), 2009 жылғы 4 қарашадағы № 348 қаулыларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-116 2009 жылдың 27 сәуірінде тіркелген, аудандық «Огни Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 47 санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      10. «Глубокое ауданының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2010 жылдың 1 сәуірдегі № 565 қаулысы жойылсын.
      11. Осы қаулының орындалу барысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Н. Пономареваға жүктелсін.
      12. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі                     В. Кошелев

      Келісілген:
      «Глубокое ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім» ММ
      бастығының міндетін атқарушы                   Б. Жапаров

      «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі»
      ММ бастығы                                    К. Синиязов

      Глубокое ауданының «Медициналық бірлестігі»
      КМҚК директоры                               М. Ластаев

Глубокое аудандық әкімдіктің
2010 жылғы 20 сәуірдегі  
№ 594 қаулысымен бекітілген

2010 жылдың көктемінде және күзінде 1983-1992 жылдары туған жасөспірімдерді алдын-ала медициналық куәландырудан өткізу КЕСТЕСІ 


р/с

Елді мекендердің, кенттер мен ауылдық округтердің атауы

Өтетін күні

2010 жылдың көктемі

2010 жылдың күзі

1

Алтайский кенті

2010 ж.01.04

2010 ж.20.09.

2

Белоусовка кенті

2010 ж.12.04., 13.04.

2010 ж.27.09., 28.09.

3

Белокаменка ауылы

2010 ж. 13.04.

2010 ж.28.09.

4

Бобровка ауылдық округі

2010 ж. 06.04.

2010 ж.22.09.

5

Веселовка ауылдық округі

2010 ж.01.04.

2010 ж.20.09.

6

Верхнеберезовский кенті

2010 ж.01.04.

2010 ж.20.09.

7

Глубокое кенті

2010 ж.05.04., 06.04.,09.04.

2010 ж.22.09., 28.09.,29.09.

8

Калинин ауылдық округі

2010 ж.02.04.

2010 ж.21.09.

9

Кирово ауылдық округі

2010 ж.05.04.

2010 ж.24.09.

10

Кожохово ауылдық округі

2010 ж.05.04.

2010 ж.21.09.

11

Краснояр ауылдық округі

2010 ж.02.04.

2010 ж.21.09.

12

Куйбышев ауылдық округі

2010 ж.06.04.

2010 ж.23.09.

13

Малоубинка ауылдық округі

2010 ж.06.04.

2010 ж.23.09.

14

Опытное поле ауылдық округі

2010 ж.09.04.

2010 ж.29.09.

15

Секисовка ауылдық округі

2010 ж.06.04.

2010 ж.23.09.

16

Ушаново ауылдық округі

2010 ж.07.04.

2010 ж.29.09.

17

Фрунзе ауылдық округі

2010 ж.07.04.

2010 ж.22.09.

18

Черемшанка ауылдық округі

2010 ж.08.04.

2010 ж.23.09.


Қосымша күндер

2010 ж. 27.04., 18.05.,02.06., 15.06.

2010 ж. 06.10., 12.10.,26.10., 10.11.,23.11., 07.12.,21.12.

      «Глубокое ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі»
      ММ бастығының міндетін
      атқарушы майор                    Б. Жапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады