Глубокое ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 93 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 сәуірде № 5-9-102 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 594 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық әкімдігінің 2010.04.20 N 594 (қолданысқа енгізілу тәртібін 12-тармақтан қараңыз)қаулысымен.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңының 19, 23 баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, әскери қызметін тағайындалған уақытында өткерген және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың сәуір айының 1 жұлдызындағы № 779 Жарлығын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бап 1-тармақ 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегіз және жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар, және оқу орындарынан шақырылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің» ММ шақыру учаскесінде 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру жүргізсін.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы келесі құрамда құрылсын:
      Жапаров Берик Ондабаевич – комиссия төрағасы, «Глубокое ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ бастығының уақытша міндетін атқарушы (келісім бойынша),
      Павлов Александр Иванович - комиссия төрағасының орынбасары, «Глубокое ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы;

Комиссия мүшелері:

      Айткулов Бауржан Темирбаевич – «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» ММ қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша),
      Абдрахманова Валентина Кабикеновна – «Глубокое ауданының Медициналық бірлестігі» КМҚК емхана жұмысы бойынша директордың орынбасары (келісім бойынша),
      Досова Венера Советхановна – комиссия хатшысы, «Глубокое ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК медбикесі (келісім бойынша).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - Глубокое аудандық әкімдігінің 2009.10.09 № 312 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.04 № 348 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)Қаулыларымен.
      3. Аудандық мәслихат сессиясында аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілуге ұсынылсын.
      4. Кенттер және ауылдық округтердің әкімдері шақыру пунктіне азаматтардың «Глубокое ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ (Т.М. Сарсенбин) бастығының бұйрығында көрсетілген мерзімде немесе дербес шақыру қағазында көрсетілген учаскелік инспектордың жетекшілік етуімен ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      5. Глубокое ауданының «Медициналық бірлестігі» КМҚК директоры М.С. Ластаевқа ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) медициналық әскерге шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жасақталсын;
      2) медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың сапалы тексерілуін, әскерге шақырылушылардың кезектен тыс өтуін, емделуін, тексерілуін бақылауға алсын;
      3) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру күні соңғы тексеруден өткізуге кезекші дәрігер тағайындалсын.
      6. «Глубокое ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы. Р.Т. Рамазановқа (келісім бойынша) мынау ұсынылсын:
      1) әскери қызметтен бас тартқан азаматтарды іздестіруі мен шақыру пунктіне жеткізу қаматамасыз етілсін;
      2) азаматтарды әскерге шақыру мен әскерге аттандыру кезеңінде шақыру пунктінде тәртіп сақтау шаралары ұйымдастырылсын.
      7. Әскерге шақырылатын 1982-1991 жылы туған азаматтарды 2009 жылдың көктем-күзгі медициналық комиссияға келу кестесі бекітілсін.
      8. «Глубокое аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы Ф.И. Сатаева әскерге шақырылатын жастармен әскерге шақырылу барысында тәрбиелік шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне белсенді қатысып, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылсын.
      9. «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бастығы Б.Н. Кенчимбаев және «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы А.И. Павлов әскерге шақырылушыларды жөнелту барысында көркем өнерпаздар ұжымының өнер көрсетілуін ұйымдастырсын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне жіберілетін әскерге шақырылушылардың дене жаттығуы дайындықтары тексерілсін.
      10 «Глубокое ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы Қ.С Карибаев қаржыландыруды 2009 жылдың аудандық бюджетінде белгіленген мөлшерде, уақытында қаржыландырылсын.
      11. «Глубокое ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Глубокое аудандық әкімдіктің 2008 жылғы 9 сәуірінің № 846 қаулысы, (аудандық «Огни Приртышья» газетінің 2008 жылғы 16 мамырда № 20 санында жарияланған, тіркеу № 5-9-85 2008 жылдың 13 мамырындағы) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      12. Осы қаулының орындалу барысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.
      13. Қаулы алғаш ресми жариялған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі             В. Кошелев

Глубокое аудандық әкімдіктің
2009 жылғы 6 сәуір № 93 қаулысымен
бекітілген

2009 жылдың көктемінде және күзінде 1982-1991 жылдары туған
жасөспірімдерді алдын-ала медициналық куәландырудан өткізу
КЕСТЕСІ


пп
Кенттердің, ауылдық
округтердің атауы
Өтетін күні
2009 жылдың
көктемі
2009 жылдың
күзі

1

Алтайский кенті

16.03.2009 ж.

14.09.2009 ж.

2

Белоусовска кенті
Белокаменка ауылы

27.03.,
30.03. 2009 ж.

23.09.,
24.09.2009 ж.

27.03.2009 ж.

23.09.2009 ж.

3

Бобровка ауылдық округі

28.03.2009 ж.

17.09.2009 ж.

4

Веселовка ауылдық округі

16.03.2009 ж.

14.09.2009 ж.

5

Верхберезовка кенті

16.03.2009 ж.

14.09.2009 ж.

6

Глубокое кенті

26.03.,31.03.,
01.04.2009 ж.

22.09.,25.09.,
28.09.2009 ж.

7

Калинин ауылдық округі

17.03.2009 ж.

15.09.2009 ж.

8

Киров ауылдық округі

18.03.2009 ж.

16.09.2009 ж.

9

Кожохово ауылдық округі

17.03.,
20.03.2009 ж.

15.09.,
18.09.2009 ж.

10

Краснояр ауылдық округі

17.03.2009 ж.

15.09.2009 ж.

11

Куйбышев ауылдық округі

20.03.2009 ж.

18.09.2009 ж.

12

Малоубинка ауылдық округі

20.03.2009 ж.

18.09.2009 ж.

13

Опытноеполе ауылдық округі

26.03.2009 ж.

22.09.2009 ж.

14

Секисовка ауылдық округі

20.03.2009 ж.

18.09.2009 ж.

15

Ушаново ауылдық округі

31.03.2009 ж.

25.09.2009 ж.

16

Фрунзе ауылдық округі

19.03.2009 ж.

17.09.2009 ж.

17

Черемшанка ауылдық округі

20.03.2009 ж.

18.09.2009 ж.


Қосымша күндер

06.04.,13.04.,
27.04.,18.05.,
02.06.,15.06.
2009 ж.

06.10.,12.10.,
26.10.,10.11.,
23.11.,07.12.,
21.12.2009 ж.

      «Глубокое ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі» ММ бастығы             Т. Сарсенбин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады