Ескерту. Күші жойылды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 6/5-V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 18баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын, «Кейбір санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешімін, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2515 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған, басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Отын алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша беріліп отырған Нұсқау бекітілсін.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Бурдаков
Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы А. Брагинец
Глубокое аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 20/7-IV шешімімен
бекітілген
Отын алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша
Нұсқау
1. Жалпы ережелері
1. Осы Нұсқау «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Кейбір санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешімінің негізінде жасалған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2515 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған.
2. Отын алуға әлеуметтік көмек Глубокое ауданының ауылды елді мекендерінде тұрып және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына беріледі (әрі қарай мәтін бойынша - әлеуметтік көмек).
Әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорттың мемлекеттік ұйымдарының мамандарына біржолғы әлеуметтік көмек жыл сайын 7200 (жеті мың екі жүз) теңге ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарының мамандарына Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемде көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Глубокое аудандық мәслихатының 2011.06.22 № 30/7-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Негізсіз төленген әлеуметтік көмектің сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қайтарылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2011.06.22 № 30/7-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау
4. Әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды.
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды беріледі:
әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арыз;
жеке тұлғаны куәландыру туралы құжаттың көшірмесі;
мекемеден атқаратын лауазымы туралы анықтама;
азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі немесе тұрғылықты жерін куәландыратын құжат.
5. Осы Нұсқаудың әрекеті таратылатын екі немесе одан да көп тұлғалар бірге тұрған кезде, әлеуметтік көмек олардың әрқайсысына беріледі.
3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру осы мақсаттарға қаржылық жылда қарастырылған бюджеттік қаражаттар есебінен әрекеттегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Есеп, бақылау және есептілікті жүргізу
7. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есеп, бақылау және есептілікті жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.