Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 07.03.2018 № 22-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.07.2015 № 36-2/1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 - бабының 2 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зайсан ауданы аумағындағы салық төлеушілерге тіркелген салық мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
| ||
|
|
Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 13 -3/7 шешіміне қосымша |
Бекітілген, тіркелген салық мөлшерлемесі
№ | Салық төлеу объектісінің атауы | Ай сайынғы бір салық салу объектісіне салынатын тіркелген салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |