Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының төмендегі шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Тіркелген салық ставкаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 13-3/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-97 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы № 25 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тілі мәтінідегі тақырыбы және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) "Зайсан қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына және жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-6/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-109 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 6 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қазақ тілі мәтінідегі тақырыбы және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларына", "ставкасына" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелеріне", "мөлшерлемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Д. Тлеубердин |
Мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |