РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8, 27-баптарына, "Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысына сәйкес, ішкі рынокты өнімдермен толтыру және тұтынушы рыногындағы бағаларды тұрақтандыру мақсатында, сонымен қатар, Зырян ауданының елді мекендері аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Автомашиналардан, жаймалардан, палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін Зырян ауданының елді мекендері аумағында келесі орындар белгіленсін:
1) қалаларда палаткалардан, жаймалардан саяжайларда және үй жанындағы учаскелерде өсірілген тұқымдарды, көшеттерді, екпе көшеттерді, жеміс-көкөністі өнімдерді, бақшалық, жеміс-жидекті өсімдіктерді сату үшін 1-қосымшаға сәйкес орындар;
2) Зырян қаласында автомашиналардан саяжайларда және үй жанындағы учаскелерде өсірілген тұқымдарды, көшеттерді, екпе көшеттерді, жеміс-көкөністі өнімдерді, бақшалық, жеміс-жидекті өсімдіктерді сату үшін 2-қосымшаға сәйкес орындар;
3) Зырян қаласында палаткалардан, жаймалардан гүлдерді сату үшін 3–қосымшаға сәйкес орындар;
4) елді мекендерде арнайы мұздатқыш құралдарынан балмұздақ, салқындатқыш сусындарды сату үшін 4–қосымшаға сәйкес орындар;
5) қалаларда палаткалардан, жаймалардан мектепке қажетті заттар мен киім-кешектерді сату үшін 5–қосымшаға сәйкес орындар;
6) Зырян қаласында палаткалардан, жаймалардан газеттерді, журналдарды және басқа да басылымдарды сату үшін 6–қосымшаға сәйкес орындар;
7) кенттерде, ауылдарда автомашиналардан, палаткалардан, жаймалардан өнеркәсіптік және азық-түліктік ұсақ бөлшек сауда тауарларын сату үшін 7–қосымшаға сәйкес орындар.
2. Аудан қалаларының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдері осы қаулының 1–тармағында көрсетілген аумақтарды санитарлық–гигиеналық тазалауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.М. Нұрбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | В. Якупов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына 1-қосымша |
Саяжайларда және үй жанындағы учаскелерде өсірілген
тұқымдарды, көшеттерді, екпе көшеттерді, жеміс-көкөністі
өнімдерді, бақшалық, жеміс-жидекті өсімдіктерді сату үшін
палаткалардан, жаймалардан көшпелі сауданы жүзеге
асыруға арналған қалалардағы орындар тізбесі
1. Зырян қаласында:1) "Восток" шағын базарында Бочарников – Стаханов көшелері қиылысының жанында;
2) Солнечная көшесіндегі № 96 дүкеніне іргелес аумақта;
3) Киров көшесі – Бурнашов бульварының жанында (бұрынғы шағын отбасылық жатақханалар ғимараттарының арасында);
4) Геологическая көшесі бойынша 38, 40 үйлердің арасында;
5) Рудная көшесі бойынша "Золотой Алтай" дүкенінің жанында;
6) Рудная көшесі бойынша "Радуга" дүкенінің жанындағы асфальтталған алаңда;
7) Панфилов – Бухтарминская көшелерінің қиылысында;
8) Брилин көшесі бойынша № 50 дүкенге іргелес аумақта;
9) Панфилов көшесі бойынша "Лыжная база" автобус аялдамасының жанында;
10) Панфилов көшесі бойынша "Эконом" дүкенінің ауданында;
11) қаланың Батыс бөлігіндегі саяжайлық учаскелер ауданында "Дачи" автобус аялдамасының жанында;
12) Зубовск кентіне шығатын жолдағы саяжайлық учаскелер ауданындағы автобус аялдамаларының жанында;
13) Өскемен қаласына шығатын жолдағы саяжайлық учаскелер ауданындағы "Сады № 3" автобус аялдамасының жанында.
2. Серебрянск қаласында:
1) Тохтаров көшесі бойынша Орталық базар ауданындағы тротуарда;
2) Некрасов көшесі бойынша "Снежинка" дүкенінің жанында;
3) Комсомольская көшесі бойынша № 80, 82, 84 үйлердің алаңында;
4) теміржол вокзалы.
Зырян ауданы әкімі | |
аппаратының басшысы | Г. Дедова |
Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына 2-қосымша |
Саяжайларда және үй жанындағы учаскелерде өсірілген
тұқымдарды, көшеттерді, екпе көшеттерді, жеміс-көкөністі
өнімдерді, бақшалық, жеміс-жидекті өсімдіктерді сату үшін
автомашиналардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған
қалалардағы орындар тізбесі
1. Зырян қаласына кіре берісте "Зыряновск" көрсеткіш тасының жанында (Өскемен қаласынан келетін автомобиль жолы).2. Солнечная көшесі бойынша № 96 дүкенінің артында.
3. Бочарников көшесіндегі "Россия" дүкенінің жанында.
4. "Водолей" дүкенінің ауданында Ленин көшесі жағынан.
5. Рудная көшесі бойынша "Золотой Алтай" дүкенінің ауданында.
6. Рудная көшесі бойынша № 6 асхана ауданында.
7. Брилин көшесі бойынша № 50 дүкенге іргелес аумақта.
8. Панфилов көшесі бойынша "Лыжная база" автобус аялдамасының жанында.
9. Киров көшесі – Бурнашов бульварының жанында (бұрынғы шағын отбасылық жатақханалар ғимараттарының арасында).
10. қаланың Батыс бөлігіндегі саяжайлық учаскелер ауданында "Дачи" автобус аялдамасының жанында.
11. Зубовск кентіне шығатын жолдағы саяжайлық учаскелер ауданындағы автобус аялдамаларының жанында.
12. Өскемен қаласына шығатын жолдағы саяжайлық учаскелер ауданындағы "Сады № 3" автобус аялдамасының жанында.
Зырян ауданы әкімі | |
аппаратының басшысы | Г. Дедова |
Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі 351 қаулысына 3-қосымша |
Зырян қаласында палаткалардан, жаймалардан гүлдерді
сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған
орындар тізбесі
1. Совет көшесі бойынша № 27 үйдің ауданында "Одежда" дүкенінің ауданында жаяу жол бойында және асфальтталған алаң бөлігінде.2. "Восток" шағын базарында Бочарников – Стаханов көшелері қиылысының жанында.
3. Солнечная көшесі бойынша № 96 дүкеніне іргелес аумақта.
4. Геологическая көшесі бойынша 38, 40 үйлердің арасында.
5. Панфилов – Бухтарминская көшелерінің қиылысында.
6. Брилин көшесі бойынша № 50 дүкенге іргелес аумақта.
7. Рудная көшесі бойынша № 6 асхана ауданында.
Зырян ауданы әкімі | |
аппаратының басшысы | Г. Дедова |
Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына 4-қосымша |
Елді мекендерде арнайы тоңазытқыш құралдарынан балмұздақ
және салқындатқыш сусындарды сату үшін көшпелі сауданы жүзеге
асыруға арналған орындар тізбесі
1. Автобекет ауданында.2. Киоскілер, дүкендер мен сауда үйлерінің ауданында.
3. Ресторандар, кафелер, барлар және асханалар ауданында.
4. Теміржол вокзалдары мен станцияларының ауданында.
Зырян ауданы әкімі | |
аппаратының басшысы | Г. Дедова |
Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына 5-қосымша |
Мектепке қажетті заттарды сату үшін палаткалардан, жаймалардан
көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған
орындар тізбесі
1. Зырян қаласында:1) "Восток" шағын базарында Бочарников – Стаханов көшелері қиылысының жанында;
2) Бочарников көшесі бойынша трансформаторлық қосалқы станция мен "Нокия" дүкенінің арасында;
3) Солнечная көшесіндегі № 96 дүкеніне іргелес аумақта;
4) Панфилов – Бухтарминская көшелерінің қиылысында.
2. Серебрянск қаласында Ленин көшесі бойынша "Смайл" дүкенінің ауданында.
Зырян ауданы әкімі | |
аппаратының басшысы | Г. Дедова |
Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына 6-қосымша |
Зырян қаласында палаткалардан, жаймалардан газеттерді
және журналдарды сату үшін көшпелі сауданы жүзеге
асыруға арналған орындар тізбесі
1. Солнечная көшесіндегі № 96 дүкеніне іргелес аумақта.2. Панфилов – Бухтарминская көшелерінің бұрышында.
3. "Восток" шағын базарында Бочарников – Стаханов көшелері қиылысының жанында.
Зырян ауданы әкімі | |
аппаратының басшысы | Г. Дедова |
Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына 7-қосымша |
Кенттерде, ауылдарда автомашиналардан, палаткалардан,
жаймалардан өнеркәсіптік және азық-түліктік ұсақ бөлшек
сауда тауарларын сату үшін көшпелі сауданы жүзеге
асыруға арналған орындар тізбесі
1. Прибрежный кентінде наубайхана ауданындағы алаңда.2. Зубовск кентінде теміржол вокзалына іргелес аумақта.
3. Тұрғұсұн селосында "Камилла" кафесінің жанында.
4. Феклистовка селосында "Достық" дүкенінің жанында.
5. Северное селосында "Радуга" дүкенінің жанында.
6. Малеевск селосында Бухтарминская көшесі бойынша және
Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпір жанында.
7. Первороссийское селосында автобус аялдамасының жанында.
8. Васильевка селосында автобус аялдамасының жанында.
Зырян ауданы әкімі | |
аппаратының басшысы | Г. Дедова |