Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарын, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағын, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 қаулысын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылға арналған Зырян ауданының мақсатты тобын анықтау туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 307 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
13) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
14) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
15) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан және 2009 жылғы 1 маусымда шыққан құқық қарым-қатынасы таралған күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
Зырян ауданының әкімі | Р. Мусин |