Ескерту. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2011.09.30 N 29-5 шешімімен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі ) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100- ІV Заңының 36 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Біржолғы талондардың құнының мөлшері туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 мамырдағы № 28-5, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылы 07 маусымда № 5-14-50 болып тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің № 25 санында 2007 жылы 23 маусымда жарияланған) шешімінің № 1 қосымшасына өзгерістер енгізіліп, төмендегі редакцияда жазылсын:
1) Шешімнің № 1 қосымшасындағы «Қызметі ара-тұра сипаттағы жеке меншік жеңіл автомобильдермен (маршруттық таксиден басқа) жүргіншілер және жүк тасымалдау (лицензиялық тасымалдаудан басқа)» және «Қызметі ара-тұра сипаттағы жеке жүк автомобильдермен жүк тасымалдау» сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Блейменов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Қ. Әбілмәжінов