Ескерту. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2011.09.30 N 29-5 шешімімен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV Заңының 36 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Біржолғы талондардың құнының мөлшері туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 мамырдағы № 28-5, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылы 07 маусымда № 5-14-50 болып тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің № 25 санында 2007 жылы 23 маусымда жарияланған) шешімінің 3 бабына өзгерістер енгізіліп, төмендегі редакцияда жазылсын:
1) «Шешім Күршім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді» сөйлемдерді «Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі» сөйлемдерімен ауыстырылсын.
2). Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Әзімбаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Әбілмәжінов