Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.12.08 N 1842 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылында ұсақ малдың сарып ауруына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясына (Н. Екібасов) (келісімі бойынша), аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Қ. Төлеуғазин) (келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Қалжыр ауылдық округінің әкіміне (Э. Көшкіншинов) шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары өнімдерін, шикізаттарын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамаларды сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі А. Сеитов