"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі N 14-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда N 5-16-80 тіркелді. Күші жойылсын - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі N 23-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылсын - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2010.07.27 N 23-8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 5-16-66 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 24 қаңтардағы Тарбағатай газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілісін.
      Жоғарыдағы аталған шешіммен бекітілген ережедегі 11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер береді.
      18 тармақ алынып тасталсын;
      22 тармақ алынып тасталсын;
      23 тармақ алынып тасталсын;
      Шешімдегі 3 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «осы шешім жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі».
      2. Осы шешім жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                      Қ. Сафаров

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы                  М. Мағжаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады