"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 21/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 қарашада N 5-19-105 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 28/5-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010.04.16 N 28/5-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ Шемонаиха аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 тіркелген, «Уба– Информ» газетінің 2008 жылғы 7 наурыздағы № 10 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 8/4–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-76 тіркелген, 2008 жылғы 23 мамырдағы «Уба-Информ» газетінің № 21 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 19 маусымдағы № 9/4–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-77, 2008 жылғы 10 шілдедегі «Уба-Информ» газетінің № 28 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 11 шілдедегі № 10/3–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-79 тіркелген, «Уба–Информ» газетінің 2008 жылғы 1 тамыздағы № 31 санында жарияланған); «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3–ІҮ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 20/6–ІҮ (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-102 тіркелген, «Уба–Информ» газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 санында жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 23-тармағындағы «қайтадан аттестаттау» сөзі «тіркеу» сөзімен ауыстырылсын;
      2) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлігінің 12-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                       С. РУДЕНКО

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы                  Ә. БАЯНДИНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады