Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2013 № 7-3 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мемлекеттік орман қоры телімдеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшері бекітілсін, оның ішінде:
1) қосалқы ағаш ресурстарын дайындағаны үшін (1 қосымша);
2) орманды жанама пайдаланғаны (шөп шабу) үшін (2 қосымша);
3) орман қоры телімдерін аңшылық шаруашылық қажеттілігіне пайдаланғаны үшін (3 қосымша);
4) орман қоры телімдерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарына пайдаланғаны үшін (4 қосымша);
5) Батыс Қазақстан облысының жергілікті ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін (5 қосымша).
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Мемлекеттік орман қоры телімдеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшері туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-10 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде N 3002 тіркелген, 2008 жылғы 13 наурызда N 31 облыстық "Орал Өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің, облыстық мәслихаттың "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы N 7-5 "Мемлекеттік орман қоры телімдеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшері туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 6-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде N 3008 тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымда N 70 облыстық "Орал Өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 11 ақпандағы
N 11-15 шешімімен N 1 қосымша
бекітілді
Қосалқы ағаш ресурстарын
дайындағаны үшін төлем мөлшері
Пайдаланатын түрлері |
Төлем мөлшері (1 м 3 үшін) |
Сыпыртқы, шетен (шыбық) жасау үшін құралдар дайындау |
0,022 АЕК |
Сыпырғыш (аққайың шыбығын) дайындау (емен шыбығын) дайындау |
0,032 АЕК |
Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 11 ақпандағы
N 11-15 шешімімен N 2 қосымша
бекітілді
Мемлекеттік орман қорының
теліміндегі орманды жанама
(шөп шабу) үшін төлем мөлшері
Орман қоры есебінің мәліметі бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына шабындық көлемі 31 221 га құрайды, олардың түсімі 1 гектардан 1,2 – 6,8 центнер.
Пайдаланатын түрлері |
1 га шығын сомасы |
Төлем мөлшері |
Шөп шабу үшін |
126 |
1 га жер көлеміне 126 теңге |
Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 11 ақпандағы
N 11-15 шешімімен N 3 қосымша
бекітілді
Мемлекеттік орман қоры
телімдерін аңшылық шаруашылық
қажеттілігі үшін пайдаланудың
төлем мөлшері
Орман қоры есебінің мәліметі бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік орман қоры аумағындағы аңшылық жерлерінің көлемі 53 835,3 га құрайды,15 аңшылық жерлері, 10 аңшылық пайдаланушылар есептелінеді. Батыс Қазақстан облысы аңшыларының орта жылдық саны 3 747 адам.
Атауы |
Орман қорының телімдерін аңшылық шаруашылық қажеттілігі үшін пайдалану төлемі |
Орман қорының телімдерін аңшылық шаруашылық қажеттілігі үшін пайдалану мөлшері га көлемінен |
1 га орман жерінің үлескісінен 0 теңге |
Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 11 ақпандағы
N 11-15 шешімімен N 4 қосымша
бекітілді
Мемлекеттік орман қоры
телімдерін мәдени-сауықтыру,
рекреациялық, туристік және спорт
мақсаттарына пайдалану үшін
төлем мөлшері
Орман қоры есебінің мәліметі бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік орман қоры аумағындағы туризм, демалу, емделу үшін пайдаланылатын жер аумағы 48 мың га құрайды.
Атауы |
1 га шығын сомасы |
Орман қоры телімдерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттарына пайдалану мөлшері |
Орман қорының телімдерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық және спорт мақсаттарына пайдалану мөлшері га көлемінен |
126 |
орман жері телімдерінің 1 га 126 теңге |
Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 11 ақпандағы
N 11-15 шешімімен N 5 қосымша
бекітілді
Батыс Қазақстан облысының
жергілікті ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарын пайдалану
үшін төлем мөлшері
N |
Заңды және жеке тұлғалар үшін жергілікті маңызды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану түрлері |
Өлшем бірлігі |
Айлық есеп көрсеткішіндегі төлем мөлшері |
1. |
Ғылыми мақсаттарға (ғылыми зерттеулер өткізу) |
Адам-күні |
0,1 |
2. |
Мәдени-ағартушылық және оқулық мақсаттарға: |
Адам-күні |
0,1 |
3. |
Туристтік және рекреациялық мақсаттарға |
Адам-күні |
0,1 |
4. |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды осы төленім мөлшерінің 1, 2, 3 пункттерінде көрсетілген Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 19 бабына белгіленген мемлекеттік мекемелер түрінде заңды тұлғалармен пайдалану мақсатында |
Адам-күні |
0,0 |