Орал қаласының "Садовая" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 24-15 шешімі және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 3129 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда N 7-1-173 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссияның шешімі негізінде Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласының "Садовая" көшесінің атауы "С. Даумов атындағы көше" деп өзгертілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 N 27-18 Шешімі және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.02.18 N 363 Қаулысымен.
      2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының        Орал қаласының әкім
      кезекті 24-ші сессиясының        С. Х. Оразов
      төрағасы
      С. Х. Кустанович

      Орал қалалық мәслихатының
      хатшысы
      Ә. Қ. Истелюев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады