Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 24-15 шешіміне және қалалық әкімдіктің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 3129 "Орал қаласының "Садовая" көшесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы N 27-18 шешімі және Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 363 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде N 7-1-181 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссияның шешімі негізінде Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 24-15 шешіміне және қалалық әкімдіктің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы N 3129 "Орал қаласының "Садовая" көшесінің атауын өзгерту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-173 тіркелген, 2010 жылғы 4 ақпанда "Жайық үні" газетінде N 5 және 2010 жылғы 4 ақпанда "Пульс города" газетінде N 5 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтағы "С. Дауымов" деген сөз "С. Даумов" сөзімен өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының     Орал қаласы әкімінің
      кезекті 27-ші сессиясының     міндетін атқарушы
      төрағасы                      В. В. Дремасов
      В. П. Любавин

      Орал қалалық мәслихатының
      хатшысы
      Ә. Қ. Истелюев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады