Аудан әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу туралы" N 12 шешімінің атауын өзгерту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 24 ақпанда N 7-11-85 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 07.04.2009 N 5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабын, 37 бабының 3 тармағын, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағын басшылыққа алып және заңнамаларына сәйкестендіру мақсатында ШЕШЕМІН:

      1. Аудан әкімінің "1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 12 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-83 нөмірімен тіркелген, жарияланған күні 2009 жылы 30 қаңтар N 6-7 аудандық "Екпін" газеті) атауы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2009 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру туралы".

      2. Осы шешім алғаш ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауыма аламын.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады