Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2011.03.30 N 32-2 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-90 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы аудандық "Екпін" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармағының 2 тармақшасындағы "Кеңес Одағының батырына" деген сөздер " Кеңес Одағы Батырының әйеліне" деген сөздермен өзгертілсін;
"50 000" деген сандар "25 000" деген сандармен өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н.А.Шынбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Қ.Нұрмұханов |