Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 10 наурызда N 7-11-90 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 32-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2011.03.30 № 32-2 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетудің санаты мен мөлшері белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына табыстарын есептемей әлеуметтік көмек, жеңіс күніне орай – 50 000 теңге;

      тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек – 390 АЕК дейін;

      тіс протездеу жұмыстарына бір реттік көмек - нақтылы төлем шығыны бойынша;

      монша, шаштараз қызметтері үшін ай сайын - 0,5 АЕК;

      Ескерту. 1 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010.02.23 № 22-3 Шешімімен.

      2) Кеңес Одағы Батырының жесіріне табыстарын есептемей ай сайын - 25 000 теңге;

      Ескерту. 2 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.07.27 № 16-4, 2009.08.26 № 17-2 Шешімдерімен.

      3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына Жеңіс күніне орай, табыстарын есептемей - 15 000 теңге;

      Ескерту. 3 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010.02.23 № 22-3 Шешімімен.

      4) соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарына жеңіс күніне орай, табыстарын есептемей - 15 000 теңге;

      Ескерту. 4 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010.02.23 № 22-3 Шешімімен.

      5) 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, табыстарын есептемей ай сайын - 2,9 АЕК;

      жеңіс күніне орай - 15 000 теңге;

      Ескерту. 5 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010.02.23 № 22-3 Шешімімен.

      6) бейбітшілік уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына табыстарын есептемей ай сайын - 1 АЕК;

      7) жергілікті маңызы бар Дербес зейнеткерлерге, табыстарын есептемей ай сайын – 1 АЕК;

      8) Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесі қарсаңында ауданда тұратын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезіндегі "Ленин" орденінің иегерлеріне, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаттарына, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметі үшін берілген құрметті атақ иегерлеріне, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен мүгедектеріне, Ауған соғысының қатысушыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, "Алтын алқа" алқасымен наградталған және бұрын "Батыр ана" атағына ие болған көп балалы аналарға үнемделген қаражат есебінен бір реттік көмек – 10 000 теңгеден;

      Ескерту. 8 тармақша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.10.22 № 18-3 Шешімімен.

      9) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың қайталап некеге отырмаған жұбайларына, соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге, Ауған соғысының қатысушыларына, Чернобыль атом электр станциясында болған аварияның зардаптарын жоюға қатысушыларына емдеу сауықтыру санаториясында емделу үшін қаражат бөлінген жағдайда бір реттік көмек – 65 000 теңгеге дейін;

      Ескерту. 9 тармақша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.10.22 № 18-3 Шешімімен.

      10) ауданның аз қамтылған азаматтарына:

      ұзақ мерзімді ауырған кезеңде және облыстан тысқары жерлерде емделген жағдайда бір реттік көмек - 10 АЕК;

      жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек - 10 АЕК;

      өртке ұшыраған және тасқын су зардабын шеккен жағдайда бір реттік көмек - 25 АЕК;

      әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда – 1,0-1,5 АЕК;

      тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;

      "Қайырымдылық айлығы" кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек – 10 АЕК.

      11) ауданның тұрмыстық –материалдық жағдайы төмен мүгедектеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, жетімдерге:

      тұрғын үйді жөндеу үшін бөлінген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 25 АЕК;

      "Қайырымдылық айлығы" кезінде үнемделген қаражат шеңберінде бір реттік көмек - 10 АЕК;

      Облыс орталығындағы гемодиализ аппаратына мұқтаж ауданның 1 топтағы мүгедектеріне табыстарын есептемей бір реттік көмек – 50 000 теңге;

      Ескерту. 11 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.08.26 № 17-2 Шешімімен.

      12) Амбулаториялық ем қабылдап жүрген сүйемелдеу кезеңіндегі өкпе ауруларына жылына бір реттік материалдық көмек – 15 АЕК көлемінде;

      Ескерту. 12 тармақша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010.02.23 № 22-3 Шешімімен.

      13) ауданның жалғыз басты адамдарына жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын жабуға бір реттік көмек – 10 АЕК;

      14) ауданның 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлеріне табыстарын есептемей бір реттік көмек - 10 АЕК;

      15) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай:

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне - 5 000 теңге;

      тыл еңбеккерлеріне - 3 000 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек.

      Ескерту. Шешім 15 тармақшамен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2010.02.23 № 22-3 Шешімімен.

      2. "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 9 маусымдағы № 8-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-11-69 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 11 шілдедегі аудандық "Екпін" газетінің 36 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихаттың 2009.08.26 № 17-2 Шешімімен.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В.Н. Федосов
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Нұрмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады