Көше атауларын өзгерту және жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ащысай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 16 шілдеде N 7-13-105 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып және аудандық ономастикалық комиссия отырысының 2008 жылғы 23 маусымдағы N 6 ұйғарымына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ащысай селолық округіне қарасты Ащысай селосының көшелерінің  төмендегідей атаулары өзгертілсін және көшелер жойылсын:
      1) Целинная - Тын игерушілер, Клубная - Қ. Байғалиев, Комсомольская - Жанақопа, Мир - Бейбітшілік, Набережная - Қ. Сатыпалдыұлы, Октябрьская - Т. Райымқұлов, Пионерская - Д. Нұрпейісова, Рабочая - Р. Қошқарбаев, Советская - С. Срымов, Строительная - Құрылысшылар, Студенческая - В. Тамбовцев, Тупиковая -  Қ. Аманжолов;
      2) Қарасу, Клышева, Кунанбаева, Молодежная, Полтавка, Пролетарская, Совхозная, Без улицы, Не определен - жойылсын.
      2. Осы шешімді орындау барысында қажетті қаржы шығымдарын заңнамаларға сәйкес қарауды округтің жетекші маманы З. Срымоваға жүктелсін.
      3. Осы шешімді орындау және қадағалау өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ащысай селолық округі әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады