"Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 08-1-1-1/323 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6639 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-1-2/619 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.12.2016 № 11-1-2/619 ( алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 08-1/361 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесі бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесінде:

      атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджетте "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану Ережесі";

      1 және 2-тармақтарда "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" деген сөздер "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-бөлімнің атауында "Қаржылай көмек көрсету" деген сөздер "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "өтінімдері" деген сөз "қорытындылары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге" деген сөздер "Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және қамтамасыз етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      келесі мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ұсынатын қорытындыға осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттар қоса тіркеледі.";

      бұйрықтың қазақ тіліндегі нұсқасында 5-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері" деген сөздерден кейін "төмендегі құжаттар болған кезде қаржылай көмек көрсетеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) қайтыс болуды, шет мемлекетке заңсыз әкелуді, Қазақстан Республикасының азаматтарына қарсы бағытталған өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді, еңсерілмейтін күштерді, яғни азамат тарапынан алдын алуға және бақылауға алуға келмейтін және осындай ахуал жағдайларында күтпеген сипат алған төтенше жағдайлар туындаған фактілерді растайтын болмыш мемлекеттің уәкілетті органдары берген құжаттар.

      Мұндай жағдайлар олармен шектеліп ғана қоймайтын келесі әрекеттерді қамтиды: әскери іс-әрекеттер, стихиялық құбылыстар (су тасқыны, жер сілкінісі, эпизоотиялар, күшті дауыл, теңіз дауылы, боран, құйын, қардың қалың жаууы, цунами және т.б.);";

      7-тармақта "шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай -ақ, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсетуге" деген сөздер "шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға және қамтамасыз етуге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МИНИСТРДІҢ


МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Қ. САРЫБАЙ

"Келісілді"


Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі


____________Б. Жәмішев


2010 жылғы 20 қыркүйек



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады